{metadescription}
Банкрот деп танылған 10 мыңға жуық азаматтың несиесі кешірілген
Банкрот деп танылған 10 мыңға жуық азаматтың несиесі кешірілген

Банкрот деп танылған 10 мыңға жуық азаматтың несиесі кешірілген

Банкрот деп танылған 10 мыңға жуық қазақстандықтың несиесі кешірілген. Бұл 20 миллиард теңгенің төңірегіндегі қаражат. Былтыр заң қабылданғалы азаматтардан толассыз өтініш келіп түскенін Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Бас-аяғы жеке тұлғалардан 86 мың өтініш келіп түскен. Оның жартысынан көбі мақұлданбапты. Себебі бұл азаматтардың берешегін кешіктіріп төлеу мерзімі 12 айдан аспаған. Банкпен несие рәсімдеген құжатын да жоғалтып сергелдеңге түскені бар. Ал енді не өзінде, не отбасы мүшелерінде тіркеуде мүлкі бардың өтініші о бастан мақұлданбаған.

Еске сала кетейік, «Жеке тұлғаларды банкрот деп тану туралы» заң былтырдан бастап күшіне енген. Бұл санатқа кіргендер бес жылға дейін банктің жанына жолай алмайды, яғни кредит берілмейді. Сондай-ақ оның қаржы ахуалына үш жыл бойы бақылау жүргізіледі және жеті жыл ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды.

Қайрат Миятов, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының  орынбасары:

9871 қазақстандықтың несиесі кешірілді. Соның ішінде 944 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл азаматтардың енді қаржы сауатын арттыру үшін жұмыс атқарамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде