{metadescription}
Монша мен көлік жуу орталықтары су ақысын еселенген тарифпен төлейді
Монша мен көлік жуу орталықтары су ақысын еселенген тарифпен төлейді

Монша мен көлік жуу орталықтары су ақысын еселенген тарифпен төлейді

Суды бейберекет пайдалану енді қалтаға салмақ түсіреді. Ұлттық экономика министрлігі үнемдеуді білмейтін монша мен көлік жуу орталықтарының су ақысын еселенген тарифпен төлейтінін тағы ескертті.

Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:

Барлығын су тарифі мен ақша шешеді. Егер көлік жуу орталығының шығыны жиырма текше метрден асып кетсе, онда тариф құны аспандап, бизнес өкілдері ертесінде-ақ ауызсумен жууды тоқтататынына сенімдімін.

Бұл елдегі көлік жуу орындарының жабылуына әкеп соқпайды деп санайды вице-министр. Керісінше, нысан иелері ішетін суды ысырап етпей, жаппай техникалық суға көшеді деген сенімде. Ал оның тарифі таза судан біршама арзан. Тіршілік нәрін текке ағызбай есеппен жұмсап, үнемдеуді көздейтін бастаманы су ресурстары және ирригация министрлігі де көтерген.

Заң жобасы қазір Мәжілістің қарауында. Сенатта коммуналдық қызмет бағасы да сөз болды. Ұлттық экономика вице-министрі жаңа жылдан бері қымбаттаған тариф әлі де көтерілетінін айтты. Үкімет ескірген инфрақұрылымды осылай тариф есебінен кезең-кезеңімен жаңалауды жоспарлап отыр.

Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары :

Тарифті көтермесек, коммуналды қызмет жүйесі сапалы жұмыс істей алмайды. Тоз-тозы шыққан, әбден ескіргені баршаға мәлім. Қаражат жеткіліксіз болғандықтан, инфрақұрылымды жаңартуға мүмкіндік болмады. Оның үстіне коммуналдық салада жұмыс істегейтіндердің жалақысы тым аз. Мамандарды жоғалтып жатырмыз. Күрделі жөндеу мен жаңарту үшін қаржы құю керек. Өз басым коммуналдық қызмет құны 30 пайызға артқанын байқадым. Десе де баға әлі де көтеріледі, нақты қанша екенін дөп басып айта алмаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде