{metadescription}
Семейде тағамын тышқан аралаған дүңгіршек жабылды
Семейде тағамын тышқан аралаған дүңгіршек жабылды

Семейде тағамын тышқан аралаған дүңгіршек жабылды

Семейде тағамын тышқан аралаған дүңгіршек жабылды. Самса сататын жерді санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің өкілдері тексеріп, тазалық талаптарын сақтамаған кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырды.

Әлеуметтік желіде таралған видео Семейдің орталығындағы базарда түсірілген. Онда самса сататын дүңгіршекте тышқандар жосып жүр. Тіпті кеміргіштер адамнан да қорықпайды. Осы жағдайдан кейін самсахананы СЭС мамандары тексерген. Тазалықтан жұрдай дәмхананың иесіне қомақты айыппұл салынып, дүңгіршек жабылды. Ал азық-түлігі толық жойылды.

Әйгерім Мұсатаева, Абай облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Іс әкімшілік сотқа жіберілді. Кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылады. Жалыпы оған, талаптарды бұзғаны үшін 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. Арнайы қаулы шығарылып, дүңгіршек жұмысын тоқтатты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде