{metadescription}
Алматы облысында 50-ге жуық отбасы 13 жыл бойы үйін заңдастыра алмай жүр
Алматы облысында 50-ге жуық отбасы 13 жыл бойы үйін заңдастыра алмай жүр

Алматы облысында 50-ге жуық отбасы 13 жыл бойы үйін заңдастыра алмай жүр

«Құжатсыз далада қалуымыз мүмкін». Алматы облысында 50-ге жуық отбасы жылдар бойы баспанасын заңдастыра алмай жүр. Өйткені не құжат, не тіркеуі жоқ үйлер зират маңында салынған. Ал ол санитария нормасына сай емес. Жергілікті билік мәселеден хабардар болғанымен, шарасыз екенін айтқан. Бір-ақ сәтте далада қаламыз ба деп алаңдаған жұрттың базынасын КТК тілшісі тыңдап келді.

Жеті баланың анасы Айнұр Сүлімова 13 жыл бұрын жер алып, «үй салдым» деп қуанған. Бірақ содан бері қоныс тойын тойлай алмаған. Өйткені әлі күнге дейін баспанаға тиесілі заңды құжаты жоқ. Өз үйі болса да, өзгенің үйінде тіркеудемін дейді көпбалалы ана.

Айнұр Сүлімова:

13 жыл болды, өз үйімізге өз балаларымызды тіркей алмаймыз. Ақша беріп тіркеуге тұрғызып отырмыз. Ай сайын ақша төлеп отырамыз. 13 жыл болды, енді қанша жыл жүруіміз керек? Бәрінің айтатыны  мазар.  Мазар жабылса да, бізге рұқсат бермей отыр.

Мұнда Айнұр сияқты үйінің құжатын заңдастыра алмай жүрген 45 отбасы бар. Әу баста бұл жердің ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға берілген телім екенін білмепті. Әкімдік тұрғындарды құлағдар етпестен үлестірді дейді қапалы тұрғындар. Сөйткен жерде қазір халық нөпірі көбейіп, тұтас бір ауылға айналған.

Сердалы Күлекеев:

Әкімге жылда барамыз әкімге. Жылда әкім ауысып жатады. Келеді, кетеді. Кейде тиынымызды алады. «Мәселені шешіп береміз» дейді. Кейін жоқ, жалғаспайды. Осылай созылып келе жатыр.

Көңілі алаң халық талай жыл тірлік етіп тірнектеп тұрғызған үйлерінің құжатын ала алмай, далада қаламыз ба деп қорқады. Көбі көпбалалы отбасы. Басыбайлы баспанасының құжатын рәсімдей алмаған соң, өркениет игілігіне де жарымапты. Сапалы жол, газ, ауызсуды өздері тартқызған. Тек электр жүйесін бір-бірімен тартып, сығырайған жарықты місе тұтып отыр.

Зейнеп Елшібаева: 

Жарық та дұрыс берілмейді. Баяғы, құлайын деп тұр. Жарық өшіп қалады. Газымыз да өшіп қалады. Осы 45 үй азап көріп отырмыз.

Әкімдік құжат мәселесін даулап жүргендердің мәселесімен жақсы таныс. Мазардың бір жарым ай бұрын ғана жабылғанын айтып, 13 жылда шешілмеген мәселе үш айда шешіледі деп уәде берді.

Дәулетжан Деменбаев, Жібек жолы ауыл округі әкімінің орынбасары:

Бір жарым, екі айдың көлемінде біз ол зиратты заңға сәйкес жаптық. Өйткені елдімекеннің зират қоры өз шекарасына жеткен. Бұл кісілердің сол мәселесі шешілді. Заңды түрде үйлерін заңдастыруға барлық мүмкіндік бар. Бұо уақытқа дейін шешілмегені рас. Ары қарай шешімін табады. Мәселенің бәрі толық шешілген.

«Алаңдауға еш негіз жоқ» деп шығарып салған шенеуніктің сөзіне тұрғындар сенгендей. Бірақ берілген уәде орындалмаса, ауыл болып наразылыққа шыққалы отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде