{metadescription}
Түркістан облысында оқушы қыз мектептің үшінші қабатынан құлаған
Түркістан облысында оқушы қыз мектептің үшінші қабатынан құлаған

Түркістан облысында оқушы қыз мектептің үшінші қабатынан құлаған

Түркістан облысында 8 сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан құлап кетті. Оқыс оқиға Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы Омар Есімов атындағы мектепте болған.

Физика пәні кезінде мұғалім сыныпқа дер кезінде келмеген. Осы кезде 8-сыныптың қыздары арасында жанжал туындапты. Көп ұзамай жоғары қабаттағы терезеден оқушылардың бірі құлап кеткен. Ауыр жарақат алған Аружанның жақындары оқушының өзі секіргенін, не абайсызда құлап кеткенін біле алмай жатыр. Тексеріс басталды. Ал ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз Келес ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Әбдісамат Утамұратов, Келес ауданы Абай ауруханасының дәрігері:

Басынан жарақат алған. Бел омыртқасы, жамбасы сынға. Емдеу протокол бойынша өткізілді. Жағдайы жақсарған соң бірінші травматология бөліміне ауыстырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде