{metadescription}
Жетісу облысында ескертуді елемей жолға шыққандар құтқарылды
Жетісу облысында ауа райының күрт құбылуы талайды әбігерге әлі салып жатыр. Бұл жолы да ескертуді елемей сапарға шығып жолда қалғандар құтқарылды.
Автор: Әсем Лесбек
01.03.2024
Төтеншеліктер қар құрсауынан 13 адамды шығарған. Арасында екі бала бар. Үшаралдан Достыққа қарай шыққан көлік күртік қарға кептеліп тұрып қалған. Ал ішінде жолаушыға лық толы. Қайта дер кезінде көмек сұрап, хабарласып үлгерген. Діттеген жеріне жете алмағандарды құтқарушылар Көктұма станциясына жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!