{metadescription}
Кейбір экономикалық құқық бұзу қылмыстық жауаптан босатылуы мүмкін
Кейбір экономикалық құқық бұзу қылмыстық жауаптан босатылуы мүмкін

Кейбір экономикалық құқық бұзу қылмыстық жауаптан босатылуы мүмкін

Кейбір экономикалық құқықбұзу қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. «Экономикалық қылмыстарды қылмыс сипатынан арылтудың өзекті мәселелері» деген ұзын атауы бар құжаты бүгін мәжілісмендердің қарауында. Талқылауға қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері мен кәсіпкерлер де шақырылған.

Жолдауда кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталған президент, заң бұзғандарды түгел түрмеге сүйрей бермей, залалы аз кейбір экономикалық құқықбұзу үшін жазаны жеңілдетуді тапсырған болатын. Нақты қандай қылмысқа жазаны жеңілдету қажет деген тізім әзірге дайын емес. Жұмыс тобы заңға өзгерістерді дайындап, Мәжілістің талқысына салуы керек. Депутаттар, әсіресе Қылмыстық кодексте 2010 жылы пайда болған мұнай өнімдерін тасымалдау туралы бапты даулы деп санайды. Қатаң жазаны көбіне кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иесі сезінген. Мәселен, 2010 жылдан бері мұнай мен мұнай өнімдерінің шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаты дұрыс болмай, жанармайды заңсыз тасымалдады деп, 700-ге жуық адам сотталыпты.

Абзал Құспан, Мәжіліс депутаты

Құжаттардың тізімі жоқ, ешбір заңмен бекітілмеген, сонда қандай құжат болу керек екеніне де талап жоқ. Кәсіпкерлер, әсіресе шаруа қожалықтары бір бөшке, мысалы үшін, солярканы алып, оны тиісті құжаттарын сақтамайтын болса, қазіргі Қылмыстық кодекс бойынша оларды қылмыстық жауақа тартуға мүмкіндік бар. Яки мұны мүлдем алып тастауымыз керек, ҚК-тен, ал қалдырған жағдайдың өзінде жай қарапайым адамдар қылмыс объектісіне айналмауы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде