{metadescription}
Атырауда алданған үлескерлер наразылыққа тағы шықты
Атырауда алданған үлескерлер наразылыққа тағы шықты

Атырауда алданған үлескерлер наразылыққа тағы шықты

Атырауда баспана аламыз деп алданып қалған үлескерлер тағы да наразылыққа шықты. Олар құрылыс компаниясы басшыларына қатысты тергеу тым созылып кетті дейді. 2018 жылдан бері «Қазанат», «Сарайшық», «Байсанат», «Фэмели Таун» деп аталатын төрт кооперативке миллиондап қаржы салып алданып қалғандар бірнеше жылдан бері баспанасын даулап жүр.

Әділет Қостаев, үлескер:

Шартымызды қолымызға берді, соған сенгеннен кейін ақша салдық. Тіпті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын да сұрадық. Рұқсаты болды. 2021 жылы. Кейін әкімшіліктен сұрасақ. «біз ондай компания туралы білмейміз» дейді.

Индира Темірова, үлескер:

Полицияға арыз жазғаныма бір жылдан асты. Осы уақыттан бері ешқандай ақпарат жоқ. Іс сотқа кетпеді. Біреулер сот өтіп кетті десе, біреулер компания директоры бостандықта жүр дйді. Ал алданған жүздеген адамның ақысын кім қайтарады?

Қыруар қаржыны жиып алып халықты алдап соққандар құзырлы органдардың құрығынан да құтылып кете ме деп қорқамыз дейді жиналғандар. Төрт тұрғын үй кешеніне екі жүзге жуық салымшы жарты миллиард теңгеден астам ақша құйған. Бірақ 2019 жылы басталған құрылысты бір жылдан кейін мемлекеттік сәулет құрылысы басқармасы заңсыз деп тоқтатып тастаған. Кейін үлескерлер құзырлы органдарға арыз жазған. Осыдан кейін тергеу басталып, екі жүзге жуық адамның арызы алынған. Қазір «бөтеннің мүлкін иемдену» бабы бойынша іс қозғалып, жақында сотқа жолданады дейді тергеушілер.

Мұратбай Қадіров, Атырау облысы ПД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі

Күдіктілер үйқамақта екені туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені күдіктілер тергеу сотының санкциясымен тергеу абақтысына қамалды. Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа беру туралы рәсім жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде