{metadescription}
Жер сілкінісі: Алматыда тағы көлік кептелісі болып, такси бағасы шарықтаған
Жер сілкінісі: Алматыда тағы көлік кептелісі болып, такси бағасы шарықтаған

Жер сілкінісі: Алматыда тағы көлік кептелісі болып, такси бағасы шарықтаған

Алматыда жер сілкінгеннен кейін көшеге, қауіпсіз жерге асыққан тұрғындар шеті жоқ көлік кептелісін тудырды. Әсіресе мектеп пен балабақша маңында қозғалыс қиындаған.

Жанармай бекеттері мен қаланың негізгі күре жолдарында да осындай жағдай. Осы сәтте пайда көздеп, қалтасын қалыңдатқысы келген такси жүргізушілері де табыла кетті. Қаладан Ұзынағашқа дейінгі жету әдетте 2 мың теңгеден аспаса, бүгін 40 мыңға бір-ақ көтерілген. Тұрғындар тіпті бағаны 70 мыңға көтергендерді де жарыса салып жатыр. Дегенмен полиция «жағдай бақылауда» деп отыр. Барлық бағдаршам штат режимде жұмыс істеп тұр. Қалаға кіріп-шығатын негізгі жолдардың бәрінде қозғалыс қалыпты дейді тәртіп сақшылары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде