Мамандар жойқын зілзала болмайтынына 70 пайыз кепіл береді
Афтершоктан кейін жойқын зілзала болмай ма? Көпті алаңдатқан сұраққа Сейсмологиялық зерттеулер мен бақылаулар орталығының мамандары жауап берді. Сейсмологтар халықты дүрлікпеуге шақыруда. Күшті жер сілкінісінің болмайтынына мамандар 70 пайыз кепілдік беріп отыр.
Автор: Ақтоты Жұмабек
04.03.2024
Нұрсәрсен Өзбеков, Сейсмологиялық зерттеулер мен бақылаулар ұлттық ғылыми орталығы басшысының орынбасары:
— Барлық сейсмикалық прибормен қадағалап отырмыз. Ол жерде, маңында да бірнеше мәрте осындай күшпен жер сілкінісі болып өткен. Болашаққа ілеспе дүмпулер тіркелген жоқ. Біздің қолымызда бар деректер бойынша, ондай алаңдайтын, абыржытатындай деректі дәйектер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!