{metadescription}
ФЕЙК: Алматыда жойқын зілзала болады, өзге өңірден құтқарушылар тартылуда
ФЕЙК: Алматыда жойқын зілзала болады, өзге өңірден құтқарушылар тартылуда

ФЕЙК: Алматыда жойқын зілзала болады, өзге өңірден құтқарушылар тартылуда

Алматыда таңға дейін жойқын зілзала болады деген аудиохабарлама мессенджерлерде тарап кетті. Төтенше жағдайлар қызметі қазірден қамданып, өзге өңірлердегі әріптестерін көмекке тартып жатыр делінген. Департамент өкілдері бұл жалған ақпарат деді.

- «Туған жездем Өскеменде ТЖМ-да істейді. Олар да қазір шұғыл Алматыға келуге дайындап жатыр. Бүгін түнгі сағат 12-6 аралығында қатты жер сілкінісі болады деген болжам бар дейді. «Дайын отырыңдар» деп маған SMS жазып жатыр».

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен құралдарын топтастыру жүргізіліп жатқан жоқ деді. Жұрттың зәресін одан сайын ұшыратын мұндай аудиожазбаларды жібермеуді сұрады. Ал жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жаза қарастырылған.

Нұрлан Атығаев, Алматы ТЖД бастығы:

 Айта кетейін, ол өтірік, бізде ондай ақпарат болса, ондайға біз дайындалып жатсақ, бұрыннан эвакуация жүргізетін едік. Тек ресми өкілдерден ақпарат алу қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде