{metadescription}
Семейде қызды құтқармақ болған полиция қызметкерін пышақтаған
Семейде қызды құтқармақ болған полиция қызметкерін пышақтаған

Семейде қызды құтқармақ болған полиция қызметкерін пышақтаған

Семейде қызды құтқармақ болған полиция қызметкері пышақ жарақатын алды. Мойын тұсы екі жерден тілінген тәртіп сақшысы қазір үйінде емделіп жатыр.

Оқиға Қарағайлы ықшамауданында болған. 13 жастағы қыз белгісіз ер адамның ізіне түскенін айтып 102-ге қоңырау шалған. Ал өзі дүкендердің біріне жасырынып үлгеріпті. Артынша күдікті көмекке келген тәртіп сақышыларына бағынбай, пышақ ала жүгірген. Оны құрықтаған кезде 26 жастағы патруль полицейі жараланды. Асхат Ахатовтың мойын тұсы екі жерден пышақпен тілінген. 34 жастағы азамат қамауға алынды. Ал жасөспірім қыздың соңынан қандай пиғылмен пышақ алып қуалағанын енді тергеу анықтайды.

Елдос Закимов, Абай облысы ПД бастығының орынбасары:

Полиция қызметкері әріптесімен бірге күдіктіні ұстаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде