{metadescription}
Ұлытау облысында жылқы қырылып жатыр
Ұлытау облысында жылқы қырылып жатыр

Ұлытау облысында жылқы қырылып жатыр

Ұлытау облысында жылқы қырылып жатыр. Жаңарқа ауданында жылымықтан кейінгі аяз жердің бетін мұзға айналдырған. Далада тебіндей алмаған Қамбар ата тұқымы баудай түсуде. Жергілікті биліктегілер Жаңаарқа ауданы мен Қаражал қаласы тұсындағы ауылдардан 70-ке жуық жылқының өлексесі табылды дейді. Шаруалар биліктен көмек сұраудан басқа амалымыз қалмады деп отыр. 

Ауылдан ат шаптырым жерде -ақ арам қатқан жылқылар. Ауылдағы ағайынға мынаған қарау өте қиын. Одан әрі де әр жерде шашылып жатқан мал көп дейді тұрғындар. Олардың бәрін омбы қарда жинап әкелу мүмкін емес. Ал арып, ашып, көтерем болғаны діңкесі құрып иен далада әр жерде жатыр. Мал иелері бағасы удай болса да, алып, жазыққа жем-шөп апарып та әуреге түскен. Арқадағы жұттың жайынын хабардар депутаттар да өз деңгейінде дабыл қағуда.

Аманжол Әлтаев, Мәжіліс депутаты:

 Халықтың басына ауыртпашылық сынақ болып келіп тұрған кезде біздің өкіметіміз дер кезінде жедел шешім шығарып, халыққа көмек қолын созуы керек. Жау кеткен соң, қылышыңды боққа шап дейді. Нақты айтуымыз керек, бүгінгі таңда үкімет тарапынан да, жергілікті билік тарапынан да еш көмек көрсетіліп жатқан жоқ. Бар нәрсені жасырып, орталыққа жалған ақпарат берумен айналысып отыр.

Ал мамандар қырылған малдың көбі ветеринария базасына тіркелмеген дейді. Өңірге ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы мамандары барған. Олар жылқылардың қырылуы жем-шөптің аздығынан емес, иелерінің енжарлығынан деп отыр. Өйткені өткен күзде облыста мал азығын дайындауға шаруаларға 1,4 млрд субсидия берілген. Мал басын сақтандыруға бөлінген 50 млн теңге де игерілмепті. Өңірде бірде-бір бас мал сақтандырылмағаны да жығылғанға жұдырық

Бағлан Аймырзаев, ҚР АШМ мал шаруашылығы департаментінің директоры: 

Олар өз малын сақтандыратын болса, оның бюджет есебінен 80 пайызын өтеуге болатын еді. Көріп отырмыз ғой, малдың иесі жоқ. Базада тіркелмеген. Сол себептен шығынын өтеу мүмкін емес. Бұл жерде әр мал иесінің өз жауапкершілігі. Уақытылы оны сақтандырған болса, жем-шөп базасын қалыптастыратын болса, мұндай жағдай болмаушы еді. Қазіргі көріп отырған жағдай бойынша төтенше жағдай жариялауға еш негіз жоқ.

Халық қалаулылары қоймаларда бірнеше жыл жатып тұқымдыққа жарамай өніп кеткен бидайды шарауларға таратуға болады дейді. Тегін емес, төмен бағамен. Бар малды қырып алып, өзгегеге алақан жайғанан гөрі, уақтылы қам жасау керек дейді. Ал синоптиктер алдағы күндері Арқада қарлы боран болады деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде