{metadescription}
Каспий жағасындағы қамыс өрті мыңдаған гектарға тарады
Каспий жағасындағы қамыс өрті мыңдаған гектарға тарады

Каспий жағасындағы қамыс өрті мыңдаған гектарға тарады

Атырауда Каспий теңізі жағасындағы қамыс өрті мыңдаған гектар аумаққа тарады. Өрт шарпыған жер орманшылармен арнайы қорғалатын аймақ болып саналады.

Төтенше жағдайлар департаменті бар күшті қазір Құрманғазы ауданындағы қызыл жалынды ауыздықтауға жұмылдырды. Екі күннен бері тілсіз жаудың беті қайтпаған соң, бүгін тікұшақпен әуеден су шашты. Аңшылар мен балықшылар қамыс арасында жасырынған аң-құсты шығару үшін «қасақана от қою мүмкін» дейді төтеншеліктер. Жанып жатқан жердің батпақты болуы, сондай-ақ өрт ошағына апарар жолдың жоқтығы өртті сөндіруді қиындатып жатыр.

Жантөре Демешов, Атырау облысы, ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:

Тамақ пісіріп, отты өшірмей кетеді немесе тағы басқа жағдайда. Аңдарды, қабан болсын, басқа жануарларды бір шетіне шығару үшін өртеуі де мүмкін. Елдімекендерге қауіп жоқ. Себебі Қиғаш өзені тармақтарымен жан-жағынан қоршалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде