Шымкентте теміржол өткелі құлап, көліктерді жанши жаздады
Шымкентте темір жол өткелінің бір бөлігі құлап, астынан өтіп бара жатқан көліктерді жанши жаздады. Оқыс оқиға Шымкент пен Сайрам аудандарының шекарасында болған.
Автор: Бек Әбиев
04.03.2024
Пойыз өтіп жатқан кезде төбеден тас түсе бастаған соң, көліктер тоқтап үлгерген. Осы кезде болат қоршау мен темір баннер опырылып жерге түседі. Адамдар мен көліктерге зақым келген жоқ. Пойыздар тоқтамағанмен, астындағы тар өткел жабылып, жарты сағаттан астам көліктер тұрып қалды. Жол үстіне үйілген тас пен темір тазаланғанша кептеліс тарқамады.
Қазір өткелдің асты-үстін мығымдау жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал Түркістан облысының полициясы сеніп тапсырылған учаскенің қауіпсіздігін сақтамаған «Қазақстан темір жолына» айыппұл салды.
Есімхан Қожбанов, Түркістан облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
— Егер кәсіпкер, ірі кәсіпкер болса, 30 АЕК салынады. Балансы «Қазақстан темір жолына» жатады, соның өкілетті тұлғаларына әкімшілік хаттама толтырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!