Жамбыл облысында қаңғыған иттер талаған екі адам ауруханаға түсті
Жамбыл облысында иесіз иттердің тұрғындарға шабуылы жиіледі. Демалыс күндері қаңғыған иттер талап тастаған екі адам ауруханаға жеткізілген.
Автор: Сәбит Әлдебай
04.03.2024
Айша бибі ауылы маңынан өтіп бара жатқан жолаушылар 20 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызды иттер талап жатқан жерінен құтқарып қалды. Олар бір топ иттен жанұшыра қашқан қызды көріп көмекке ұмтылыпты.
Ал кеше қала маңындағы Барысхан алқабында мектеп оқушысын қаңғыған иттер қапқан. Жеткіншекті көршілері құтқарып қалған. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.
Ал облыстық ветеринария басқармасы иттер шабуылдаған екі аймаққа да арнайы бригада жіберіліп, жүзге жуық иттің көзін жойдық дейді. Биыл жедел желіге мамандардан көмек сұраған мыңға жуық қоңырау түскен. Облыста биыл екі жарым мыңнан астам иесіз ит ауланыпты.
Ғабит Кебеев, Жамбыл облысы ветеринария станциясы директорының міндетін атқарушы:
— Тек қаңғыбас ит қана емес, жер үйдегілердің де иті бар. Егесі бар иттер. Көбінесе байланбайды. Қалай болса солай ұстағаннан кейін осындай иттер көбейіп жатыр. Салыстырмалы түрде алып көрсек, зардап шеккен адамдардың жартысынан көбісін иесі бар ит талаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!