{metadescription}
Астанада сарапшылар мектебі екінші кезеңін бастады
Астанада сарапшылар мектебі екінші кезеңін бастады

Астанада сарапшылар мектебі екінші кезеңін бастады

Астанада «Сарапшылар мектебінің» екінші кезеңі басталды. Бұл саясаттану, экономика және мемлекеттік басқару салаларына зерттеуші даярлайтын бірден-бір алаң. Екінші рет өткізіліп отырған шараға мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты сарапшылар, жас мамандар мен оқушылар қатысты. 

Бәтжан Ақмолдина, Республикалық ғылыми зерттеу институтының бөлім басшысы:

Мен жас зерттеушілермен жұмыс істедім. Эксперт ретінде сұхбаттарына қатыстым және де біліміммен бөлістім. Data lab, бір жағынан, пікірталас жасайтындай алаң беріп отыр. Қаламын ұштайды деп ойлаймын. Екіншіден, олар жұмысын шығарып, жас зерттеуші ретінде үйренеді, қалай презентация жасауды да. 

Data Lab әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша зерттеу тобы. Жұмыс кезінде зерттеушілерге дерек талдау курсынан өтіп, емтихан тапсырады. Сол арқылы жас зерттеушілер тәлімгерлердің жетекшілігімен тәжірибе жинайды.

Жалпы оқыту үш ай бойы онлайн режимінде жүргізіледі. Ал панель пікірталастар елдегі кедейлікті жан-жақты талдауға бағытталған. Жалпы екінші жыл қатарынан жалғасын тапқан жобаға 86 адам өтініш білдіріпті. Соның ішінен үздіктері іріктеуден өтті. Олардың алғашқы зерттеу нәтижелері маусым айында белгілі болады.

Айта кетейік, қатысушылардың саясаттану, мемлекеттік басқару, халықаралық қатынастар мен экономика салаларында доктоh немесе магистр дәрежесі болуы тиіс.

Нұргүл Мамжанова, «Сарапшылар мектебінің» қатысушысы:

Power BI, деректерді талдаудың практика дағдыларына келетін болсақ, бұл қазір еңбек нарығында сұранысқа ие және бұл өте тиімді саналады. Біз кедейлікті бағалау бойынша ғылыми жұмыс жазуға тырыстық әрі жеке брендті дамыту бойынша тренингте қатысып білімімізді шыңдадық. Бұл өте пайдалы жоба екені сөзсіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде