{metadescription}
Ақтауда қызды азаптап өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты
Ақтауда қызды азаптап өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Ақтауда қызды азаптап өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Ақтауда 21 жастағы қызды азаптап өлтірген қандықол қылмыскерге үкім шықты. Судья 22 жыл жаза кескен сотталушы соңына дейін кінәсін мойындаған жоқ. Осыған ашуланған марқұм Валерия Шальнованың анасы сотталушыны түрмеге жеткізетін көлікке дейін қуып барып, бүкіл ызасын білдірді.

Сот жабық өтті. Қылмыскер 22 жылға қатаң тәртіптегі колонияға аттанды. Сот үкімін Валерияның туыстары әділетті деп отыр.

Еске сала кетейік, ақтаулық спортшы қыздың денесі былтыр 2 шілдеде қаланың іргесіндегі каналдан табылған. Алғашында іс суицид ретінде тергелген. Қоғамда дау туындағаннан кейін полиция бұл істі "кісі өлтіру" бабына өзгертіп, күдікті ретінде Шальнованың жігітін ұстады. Сүйіктісі соңына дейін «Валерия алкоголь мен дәрі ішіп, өзіне қол салды» деуден жазбады.

Светлана Шальнова, анасы:

Өткен жылы болған бұл оқиға қабырғамызды қайыстырып кетті. Содан бері біз тергеудің қалай аяқталатынын күтумен болдық. Осы ретте судьяға, прокурорларға, жедел тергеу бөліміне, қорғаушыға қызымның өлімінің әділ тергеліп, қылмыскер лайықты жазасын алғанына алғысымды жеткізгім келеді. Айта кететін жайт, күдікті үкімімен келіспеді. Одан бөлек, қылмыстық жауапкершіліктен қашып, қызымның суицид жасағанын айтты. Ол зорлау, өлтіру бабымен тергелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.