Жылу мен электрэнергия тарифін көтеру шешімі қайта ойластырылады
Жылу мен электр энергия тарифін көтеру туралы шешім қабылданғаннан кейін, Үкімет енді мұның қаншалықты қажет болғанын қайта саралап көрмек. Жауапты министрлер кезінде мұны коммуналдық желілерді жөндеу қажеттілігімен түсіндірген. Енді бұл ойынан айныған и сыңайлы.
Автор: Мерей Қалиасқар
05.03.2024
Нұрлан Байбазаров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
— Мұның қаншалықты дұрыс болғаны туралы сұрақ көп. Сол себепті біз тәуелсіз аудит жүргізіп, бұл инвестиция жаңарту, жылу, яки электрмен жабдықтау мақсатында қаншалықты қажет екенін тексергіміз келеді. Екіншіден, тарифтер қазіргідей күрт көтеріліп кетпес үшін тариф жүйесін жасағымыз келеді. Бұл кезең-кезеңімен және баяу жүргізілуі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!