{metadescription}
Қайтарылған активтер: Мектеп, аурухана және әлеуметтік мәселені шешуге жұмсалады
Қайтарылған активтер: Мектеп, аурухана және әлеуметтік мәселені шешуге жұмсалады

Қайтарылған активтер: Мектеп, аурухана және әлеуметтік мәселені шешуге жұмсалады

Қайтқан малда қайыр бар. Ел қазынасына қайтарылған миллиардтардың есебінен мектептер мен ауруханалар тұрғызылып жатыр.

Қаңтар оқиғасынан кейін Үкімет елден есепсіз шығарылған активтерді қайтару ісін қолға алған. Сол қаржыға әу бастан әлеуметтік инфрақұрылымдар жаңартылады деген жоспар болған әу. Жуырда ғана қаржы министрлігі ведомство жанынан арнайы қор құрылып, 1 трлн теңгенің елге қайтқанын мәлімдеді. Ал қаржының бос жатпай, қандай әлеуметтік мәселені шешуге жұмсалғанын сұрағанда, ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров тосылып қалды. Қызметке жуырда келген ол мәселенің мән-жайымен әлі таныспапты. Сондықтан көптің сауалына Үкімет отырысынан кейін министрдің орынбасары жауап берді.

Бауыржан Құдайбергенов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Ол тек ақшалай қаражат емес, оның ішінде активтер де бар. Біріншіден, біз оны нарыққа шығаруымыз керек. Одан қалған ақшаны еліміздің әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттайтын боламыз. Бұл қаражаттың есебінен ауруханалар мен мектептер салуға жұмсалып жатыр. Оның ішінде 200-300 млрдқа жуық ақша бүгінде мектептер салуға жұмсалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде