{metadescription}
Ақмола облысы: Бір жылда 45 адамға миллиондап несие алдырып, қарызға батырған
Ақмола облысы: Бір жылда 45 адамға миллиондап несие алдырып, қарызға батырған

Ақмола облысы: Бір жылда 45 адамға миллиондап несие алдырып, қарызға батырған

Ақмола облысында 51 жастағы әйел бір жылда 45 адамға банктен миллиондап несие рәсімдеуге көмектесіп, қарызға батырған. Ол алынған ақшаның тең жартысын өз қалтасына басыпты.

Ауру қызым бар, төрт баланың әкесімін. Бес-бес миллионнан төрт банктен 20 миллион алдым. Соның жартысын, 10 миллион 200 мыңын қолына санап бердім..

Бұл банктен сол әйелдің көмегімен несие рәсімдеген бір ғана азаматтың әңгімесі. Айтуларынша, несие ала алмай жүргендерді ол өзі тауып алады екен. Тіпті ешбір банк түрлі себеппен кредит бермейтін адамның өзіне таныс менеджерлері арқылы әп- сәтте несие рәсімдеп беріп отырған. Бұланды, Бурабай аудандарының тұрғындары келісіммен алынған қаражаттың 50 пайызын оған санап береді екен. Алғашқыда кредитті жауып отырам деп уәде берген. Біра, уақыт өте қарыз төленбей, тіпті оны таба алмай қалған. Күдікті әйел қазір қамауға алынды. Жәбірленушілердің саны күн санап көбейіп келеді. 

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Әр адамға рәсімделген несиенің мөлшері 1 миллионнан 13 жарым миллион теңгеге дейін. Қазір облыстың екі ауданынан 51 жастағы осы әйелге шағым толассыз түсіп жатыр. Несиені әртүрлі банктен таныстары арқылы алып отырған. Күдіктіге алаяқтық бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.