{metadescription}
Ұрып-соғып, күн көрсетпей ақша бопсалайтындар көбейген
Ұрып-соғып, күн көрсетпей ақша бопсалайтындар көбейген

Ұрып-соғып, күн көрсетпей ақша бопсалайтындар көбейген

Ұрып-соғып, қорқытып, ақша бопсалаған. Елде осындай жолмен кәсіпкерге де, қалтасы тесіктерге де күн көрсетпейтіндер көбейген. Тек жыл басынан бері тәртіп сақшылары 130 қылмыстың жолын келіскен.

Шыңғыс Әлекешов, ІІМ ресми өкілі:

Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана-Павлодар автожолында ұсталды. Олар екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келіп ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефонын тартып алған. Сонымен қатар тағы бір миллион теңге талап еткен. Жәбірленушілердің бірі қашпақ болып бесінші қабаттан секіріп кетіп денесіне зақым келіп, жарақат алған. Күдіктілер екінші адамды көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды.

Бұл 130 қылмыстың біреуі ғана. Ал Оралда жергілікті полицейлер колледж студенттерінен құралған топты ұстады. Өрімдей жас жігіттер бопсалау мен алаяқтықпен оңай байығысы келген. Қазірдің өзінде олардың 8 қылмысы дәлелденіпті.

Ақмола облысында да осындай өңшең жастардан құралған екі топ күш көрсетумен айналысқан. Тіпті ауданды бөлісе алмай қырықпышақ болған жастардан атыс қаруына дейін тіркіленіпті.

Ішкі істер министрлігі аталмыш алаяқтардан жәбір көргендерді полицияға бірден хабарлауды сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде