Павлодарда санитария талабын сақтамаған мектеп асханаларына айыппұл салынды
Павлодардағы төрт мектептің асханасына айыппұл салынды. Жалға алушы енді бір жарым млн теңгені өтеуге тиіс. Себебі шаһардағы бірнеше білім ордасында тамақтандыру талаптары сақталмаған.
Автор: Ақмаржан Қалымбек
05.03.2024
Ас-ауқаттың сапасына күмән келтірген ата-аналар қаладағы 16 білім беру мекемесінде тексеріс жүргізуді талап еткен. Соның қорытындысы бойынша төрт мектепте санитарлық талаптың бұзылғаны анықталды. Тіпті тағамның ішінен бөгде заттар да шыққан. Сол себепті әрқайсысы 350 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Жалпы соңғы жылдары Ақтаудағы білім беру мекемелерінде тамақтандыру сапасы айтарлықтай нашарлаған. Таяуда қаладағы Әуезов атындағы мектеп оқушылары ботқа ішінен құрт тапқан болатын. Бұл жағдай қаладағы бірнеше мектепте қайталанды. Жұмысына салғырт қарап, санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін төрт мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылады.
Қуаныш Қыдыралин, Павлодар қаласы білім бөлімінің басшысы:
— Жалға алушылардың жұмыс сапасына қатысты сұрақ туындады. Мектеп басшысына бақылау жұмысын атқармағаны үшін тәртіп жазасын қолдандық. Өздері төледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!