Семейде шатырдағы мұз сүңгілер тұрғындарға қауіп төндіруде
Семейде көпқабатты үйлердің шатырында сүңгі боп қатқан мұз жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруде. Полицейлер шатырды мұздан тазарту керектігін пәтер иелері кооперативтеріне ескертіп жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
05.03.2024
Шаһардағы көпқабатты үйлері мен мекемелердің төбесі сүңгі мұздан көрінбейді. Ұзындығы бір метрге дейін жететін мұз таяқшалары жоғарғы қабаттағы балкондарды жауып тұр. Әкімдік төбені тазартуға жеке пәтер иелерінің кооперативтері жауапты екенін айтып отыр. Ескертуге құлақ аспағандарға айыппұл салынады.
Әсет Өтепов, Абай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
— Абай облысының мәслихаты бекіткен қаланы және елдімекендерді абаттандыру қағидаларына сәйкес объектінің меншік иесі қар мен мұзды тазалауды қамтамасыз етеді. Орындалмаса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша жауапқа тартылады. Яғни 100 айлық есеп көрсеткішіне айыппұл салу қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!