Костенко шахтасында опат болған кеншілерге арналған монументтің макеті көрсетілді
Қарағандыда Костенко шахтасында опат болған кеншілерге арналған ескерткіштің макеті көрсетілді. Монументтің кескін-келбеті марқұмдардың туыстарының мақұлдауымен қабылданған. Дегенмен енді оның орнатылатын жері пікірталас туғызып жатыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
05.03.2024
Ескерткіш тас мүсіні бір шетінен қаққа айырылған, ортада тас үңгірден жарыққа көтеріліп келе жатқан кеншілер бейнеленген. Марқұмдардың
аты-жөні де жазылған. «Кармет» басшылығы манументті Костенко шахтасына орнатуды жоспарлаған. Ал марқұмдардың жақындары қала ортасына қою керек дейді. Әзірге ақылдасып жатыр.
Еске салсақ, былтыр қазанның 28-не қараған түні Костенко шахтасында метан газы жарылып, 46 кенші ажал құшқан. Қылмыстық іс қозғалып, сол кездегі «Арселор Миттал» компаниясында лауазым атқарған 9 адам күдікті деп танылған. Арасында бұрынғы бас директор Владимир Яблонский де бар. Кейін Бас прокуратура жеті адамның тергеу абақтысына қамалғанын хабарлады. Тергеу әлі жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!