{metadescription}
Гүл қымбаттады: Бір жылда раушан мен хризантема бағасы 8,2 пайызға өскен
Гүл қымбаттады: Бір жылда раушан мен хризантема бағасы 8,2 пайызға өскен

Гүл қымбаттады: Бір жылда раушан мен хризантема бағасы 8,2 пайызға өскен

Гүлдің бағасы қымбаттаған. Сарапшылар бір жылда раушан мен хризантемалардың бағасы 8,2 пайызға өскенін айтып отыр. «Энерджипром» мамандарының есептеуінше, әсіресе Қарағандыда әсем өсімдіктің бағасы 41 пайызға өскен. Қымбатшылық жағынан екінші, үшінші орында Алматы облысы мен Астана қаласы тұр.

Алматыда гүл бағасы небәрі бір-ақ пайызға көтірілді десе де, базардағы жағдай бұл санға кереғар. Бағасы бұрынғымен салыстырғанда едәуір қымбатттағанын саудагерлер де мойындады. Мереке қарсаңында оңтүстік астананың көшелері гүл базарына айналған. Жұпар иісі аңқыған қызылды-жасылды өсімдіктер көздің жауын алады. Дүкендерде гүл шоқтарына деген тапсырыс күрт көбейген, бағасы да әртүрлі. Мәселен, кей дүкенде гүл шоғының ең арзаны 10 мың теңге. Ал қымбаты 100 мың теңгеден асып жығылады.

Ерғали Досаев, гүл сатушы:

Жай күндері 20 пайызға арзандау.Мейрамда шетелде қымбат болады. Дүниежүзінде 8 наурыз ғой. Ол жақтан қымбат келеді. Үстіне 20-50 теңге қойып сатамыз. Жай күндері шамалы арзандау. Мейрамға барлық жерде қымбат боп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.