{metadescription}
Алматы облысында “Педагогикалық симфония” атты ерекше шара өтті
Алматы облысында “Педагогикалық симфония” атты ерекше шара өтті

Алматы облысында “Педагогикалық симфония” атты ерекше шара өтті

Кәсіби біліктілігін арттырып, білімін шыңдады. Алматы облысында “Педагогикалық симфония” атты ерекше шара өтті. Алмалыбақ ауылындағы мектепте ұйымдастырылған жиынға аудандағы білім ошақтарының мүғалімдері де шақырылған. 

Сәуле Махамбетова, Алмалыбақ мектебінің директоры:

Бүгін біз осында шабыттанып, тәжірибе мен идея алмасу арқылы жаңа орта құру үшін жиналдық. Әрқайсысы білім беру оркестіріндегі ерекше аспаптай. Әр оқушының жетістікке жетуіне мүдделіміз.

Әуенге толы кештің мақсаты  мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырып, білімін шыңдау. Шарада оқушымен бірге жұмыс істеудің заманауи әдіс-тәсілдері талқыланды.

Конференцияда жеті алаң өз жұмыстарын көрсетті. Алғашқысы «Педагогиканың жеті пернесі». Бұл алаң ашық микрофон түрінде жүргізілді. Арнайы шақырылған спикерлер қойылған сұрақтарға ұтымды жауап беріп, өз ойымен бөлісті. Қалған алаңдар  «Тең мүмкіндіктер әлемі» шеберлік сыныбы, «Ұлттық код және декодтау» ток-шоуы, «Сана» ретінде гендерлік сәйкестік. Білім беру жүйесіндегі балаға тән емес проблемалары жайында пікірталас болды. «Профайлинг: тұлғалық психотиптер»-рөлдік ойын ретінде, «Кемелдік шыңына жету: өзін-өзі дамыту лайфхактары»  Workshops форматында, «Сабақтан қалу және прецеденттер: мектепке келмеген оқушылардың құпиясын ашыңыз» ток-шоу форматында ұйымдастырылған.

Әсел Еркімбаева, Қарасай ауданы білім бөлімінің бастығы:

Ұжым болып, бір команда болып ауызбіршілікте жұмыс істесе, әркім өз уақытында, мезгілінде кері байланыс беріп, баллармен жұмыс істесе, жетістікке жетеміз деп ойлаймыз. Сондықтан біз бүгін музыка мен педагогиканы ұштастырып, осындай шара ұйымдастырып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.