«6 жыл бұрынғы қылмыс». Ерлан Қожағапановқа қатысты істің жай-жапсары айтылды
Абақтыға 6 жыл бұрынғы қылмысы үшін қамалған. Антикор бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты істің жай-жапсарын айтты. Экс-шенеунік 2018 жылы Петропавлда Қазақстан-Ресей форумының көрмесін ұйымдастыру шығынын екі есе асырып көрсетіп, артылған ақшаны қалтасына басқан.
Автор: Мерей Қалиасқар
06.03.2024
Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі
— Форумды өткізу үшін смета екі есеге өсті, яғни бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты. Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынған.
Экс вице-министрдің өткен аптада ұсталған. Тергеу біткенше, енді кемі екі ай Алматыдағы тергеу изоляторында отырады. Ерлан Қожағапанов 2017-2019 және 2021 жылы мәдениет және спорт вице-министрі лауазымын атқарған. Үш жыл бойы Қазақстан футбол федерациясының тізгінін де ұстады. Әр жылдары Астана мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін де атқарған. Ал 2021 жылдың қыркүйегінде премьер-министрдің кеңесшісі лауазымына тағайындалып, бір жылға жетпей қызметінен тен босатылған. Қожағапановқа қатысты қылмыстық істің экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы бар-жоғын антикор өкілі тергеуге сілтеп, айтқан жоқ.
Еске салайық, ақша желінген 2018 жылы Қожағапанов Арыстан Мұхамедиұлының орынбасары болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!