{metadescription}
Ғалымдарымыз өлместің күйін кешіп, шетелге көшкен
Ғалымдарымыз өлместің күйін кешіп, шетелге көшкен

Ғалымдарымыз өлместің күйін кешіп, шетелге көшкен

«Ғалымдар өлместің күйін кешіп жүр». «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңды талқылаған мәжілісмендер ғылымның қазіргі мүшкіл күйіне алаңдаулы. Айлығы шайлығына жетпей, несие қамытын киген талай ғалым шетелге көшіп кеткен.

Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:

Ғалымды дайындамай, ғылым дамымайды. Ал бізде ғалым қайда? Барлығы шетелге кетіп қалады. Ақша ала алмағаннан кейін, олар несие алып, өлместің күнін көріп жүр. Мен талай ғалымды білемін. Келіп кетті , бірнешеуі. «Ала алмаймыз, бюрократия»  дейді. Оны қалай шешеміз? Осы заңмен шешуіміз керек қой. Қытайдың мынадай мақалы бар: «Құритын мемлекет, құрдымға кететін мемлекет заңды көп шығарады». Екінші рет ғылым туралы заңды қарап жатырмыз.

Депутаттар Алматыдағы Сейсмология институты ғалымдарының жай-күйін де айтты. Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына өткелі бұл институттың жағдайы тіпті мүшкіл. Қызметкерлерінің жалақысы пайызға қысқартылып, мемлекеттен қаржыландыру азайған. Сейсмостансиялары да қаңылтыр, еңбек ету жағдайы ескерілмеген. Өз кезегінде ғылым және жоғары білім министрі сейсмология институтына биыл нысаналы грант ретінде үш жарым миллиард теңге бөлінетінін айтты. Дегенмен ғылыми нысанды министрлік меншігіне қайтару мәселесі күн тәрбітінде тұрған жоқ. Ғылым саласындағы бар былықты жіпке тізген мәжілісмендер салаға жауапты министр Саясат Нұрбекті де "мақтамен бауыздады". 

Бақытжан Базарбек, Мәжіліс депутаты:

Шіркін, біздің министрлер сіз сияқты қызыл тіл, суырып салма, шешен болса ,барлық сұрақтарға жауап болар еді. Әдемі өлең сияқты ,сізді қазір тыңдап отырмыз. Іс жүзінде олар бейшараның күнін көріп отыр. Ешқандай ғылыми жобасы қабылданбады. Бүкіл қаржыландырудан кесіп тастады. Ақша да ала алмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.