Шымкентте жалған 84 мың АҚШ доллар өткізгендер ұсталды
Жалған доллар өткізбек болған. Шымкентте 84 мың АҚШ долларын өткізгендер ұсталды. Көк қағазды қолдан жасағандарды ұстау үшін экономикалық қылмыстарды тергеу мамандары мықтылап дайындалған.
Автор: Бек Әбиев
06.03.2024
84 мың 200 долларды 45 миллионға айналдырып кетіп бара жатқандарды құдды бір экшн фильмдегідей ұстады. Қаланың қақ ортасында кетіп бара жатқан күдіктілердің көлігін қос автокөлік алды-артынан бұғаттап, арнайы жасақпен қолға түсірді. Ұсталған екеу екі айға тергеу абақтасына қамалды. Бұған дейін Қырғызстан шекарасынан жалған жүз доллар ақшамен өтіп бара жатқан Қазақстан азаматына қырғыздың арнайы қызметі кісен салған болатын. Оның да осы іске қатысы бар екені анықталды. Қазір олардың жалған купюраларды қай жерде жасағаны және сыбайластары туралы мәлімет анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!