{metadescription}
Фитосанитария диагностика орталығының басшысы жүйелі түрде пара алған
Фитосанитария диагностика орталығының басшысы жүйелі түрде пара алған

Фитосанитария диагностика орталығының басшысы жүйелі түрде пара алған

Қызметте қалу ғана емес, қорған болу да қалтаға салмақ салған. Республикалық фитосанитария диагностика орталығының басшысы аймақтардағы өкілдік жетекшілерінен жүйелі түрде пара алған. 100 мыңнан басталатын "салыққа" олардың мүддесін қорғау қызметі де кіріпті.

— Сізге жаңа ғана скриншот жібердім. Иә, «іссапарға» 100 мыңнан ғой?  Біреулер неғылды да, менен сұрап, ешкімге айтпай-ақ қой.

«Ешкімге айтпай-ақ қой» деп жатқан аталмыш орталықтың басшысы Жәнібек Кеңесбеков. Ал ақша жинап жүрген Жетісу облысы филиалының жетекшісі. Жазбаны жариялаған антикордың мәліметінше, орталық басшысы Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Абай және Жетісу облысындағы филиал басшыларынан қызметтегі жалпы «қамқорына» жүйелі түрде ауызбастырық алған. Енді ақшаны алған ғана емес, берген шенділер де жауапқа тартылады.

 Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Сот санкциясымен күдікті үй қамағына алынды. Сонымен бір мезгілде тергеу шеңберінде пара беру фактілері бойынша Республикалық мемлекеттік мекемесінің аталған филиалдары басшыларының жауапкершілігі туралы мәселе қаралатын болады. Тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде