ШҚО-да 71 елдімекенді су басу қаупі бар
Шығыс Қазақстан облысында 71 елдімекенді су басу қаупі бар. Қазір құтқарушылар өзендердегі мұзды жарып жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
06.03.2024
Мамандар алдымен өңірдегі қауіпті орындарды анықтаған. Тасқынға тосқауыл қою Шемонаиха ауданынан басталды. Бұл аймақта Үбі өзенінен қауіп бар. Өйткені биыл қыс қаһарлы болып, мұз қалындығы бір метрге жеткен. Жүргізілген жарылыс жұмыстары 10 мың шаршы метр аумақты қамтыды. Мамандардың айтуынша, сең жүрген кезде мұз кептеліп, күн жылынғанда жағдай қиындауы мүмкін. Бүгінде облыстағы бес ауданға осындай қатер төнгені анықталды.
Дина Бексұлтанова, ШҚО ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы:
— Шемонаиха ауданында мұз жару жүргізілуде. Үбі өзенінде. Бұл жарылыстардың негізгі мақсаты — мұз кептелісін болдырмау. Мұз жару өңірдің бес ауданы мен 19 учаскісінде жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!