{metadescription}
Шымбұлақ: Журналистер арасынан мықты шаңғышылар анықталды
Шымбұлақ: Журналистер арасынан мықты шаңғышылар анықталды

Шымбұлақ: Журналистер арасынан мықты шаңғышылар анықталды

Шаңғышы журналистер үздіктерді анықтады. Шымбұлақ тау-шаңғы курортында өткен дүбірлі додада әлемнің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық спорт пен журналистиканы ұштастыра білген мамандар бақ сынады.

Арысы Канада мен АҚШ, берісі Еуропа елдерінен келген шаңғышы журналистердің жарысы тартысқа толы болды. Қатысушылар жасына қарай  топталған. Жастар арасында әріптесіміз Егор Ильин екінші орында иеленді. Қалған санатта бас жүлде Испания, Италия, Швейцария мен Францияның шаңғышы журналистеріне бұйырды.

Биыл 69-шы рет өткізілген жарыстың ұйымдастырушысы SCIJ Kazakhstan клубы. Тау шаңғысынан бөлек, спортқа жаны құмар журналистер шаңғымен жүгіруден мықтыны анықтайды. Ол жарыс алдағы демалысқа жоспарланған. Шетелдік қонақтарды Алматының табиғаты мен халқымыздың қонақжайлылығы тамсандырды. 

Егор Ильин, журналист (Қазақстан):

  Екінші орын алдық. Жеңіс үшін күресуге болатын еді, бірақ біз ең соңынан шықтық. Менің алдымдағы бірнешеуі құлады. Сондықтан тәуекелге бел бумадым. Өкінішке қарай, жолымыз болмады. 2019 жылдан бастап дайындалдық. Қарсыластарым мықты екен. Дегенмен бұл медальды ұзақ уақыт армандадым. Қуаныштымын. Үш күннен кейін алтын болады деп үміттенемін.

Луиджи Бреччиароли, журналист (Италия):

Мен осында келгеніме қуаныштымын. Бұл сапар бізге жаңа жетістік пен мол тәжірибе берді. Бірінші орын алғаныма өте қуаныштымын. Өз деңгейімізді көтердік деп ойлаймын. Қазақстанның табиғатын, Шымбұлақты ұнаттым. Қонақжайлығы, тамағы, табиғаты қатты ұнады. Қазақстанға қайта келетін боламын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде