{metadescription}
Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам тірідей жанып кетті
Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам тірідей жанып кетті

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам тірідей жанып кетті

Ақтөбе облысында жеңіл көлікте сегіз адам тірідей өртеніп кетті. Араларында 4 бала бар. Барлығы таксимен жолға шыққан.

Қайғылы оқиға Мұғалжар ауданына қарасты Сағашилі ауылы маңында болды. Lada Largus көлігі Toyota Hilux-пен бетпе- бет соғылған. Бірінші көлік сол бойда отқа оранып, салондағылардың ешқайсысы далаға шығып үлгермепті. Ал Тойота жүргізушісі мен екі жолаушысы Қандыағаш қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Ларгуста отқа оранғандардың барлығы Темір ауданының Сарыкөл ауылы тұрғындары. 12 жастағы ұл әкесімен бірге мерт болса, 6 және 4-сыныпта оқитын екі оқушы қыз әжесімен облыс орталығына емделуге  жолға шыққан екен. Қаза тапқандар арасында мектепке дайындау тобында оқитын бес жасар бала да бар.

Айдос Құлжанов, Ақтөбе облысы жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

Ақтөбе-Астрахань тас жолында  екі жеңіл автокөліктің соқтығысуынан адамдардың өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша Ақтөбе облысының полиция департаментімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Апат себептерін және онда қаза болған адамдардың жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде