{metadescription}
Ақтөбе облысында 8 адам мерт болған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбе облысында 8 адам мерт болған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында 8 адам мерт болған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында сегіз адам тірідей жанып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ апатқа нақты қай көлікті тізгіндеген жүргізушінің кінәлі екені әзірге белгісіз. Ол тек сараптама дайын болғанда анықталады.

Күні кеше Мұғалжар ауданына қарасты Сағашилі ауылы маңындағы трассада Lada Largus көлігі Toyota Hilux-пен бетпе-бет соғылысқан еді. Бірінші көлік сол бойда отқа оранып, салондағылардың ешқайсысы далаға шығып үлгермеген. Қаза тапқан 8 адамның төртеуі бала. Ең кішісі 5 жаста. Ал Тойотада бір отбасының адамдары болыпты. Ерлі-зайыпты және олардың 15 жастағы ұлы жарақат алған. Алғашқыда олар Қандығаш қаласындағы ауруханаға жатуға қарсы болады. Облыс орталығына жеткен соң ғана ауруханаға орналасады. Дәрігерлер олардың жағдайы қалыпты дейді.

Жасұлан Орымбаев, Ақтөбе облысы көпсалалы аурухана дәрігері:

Көлік апатынан жарақат алған 74-ші жылғы еркек пен 81 жылғы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді. Екеуінің де миы шайқалған. Еркектің иығы сынған, ал әйелдің оң жақ бұғанасы сынған. Ота жасауға дайындап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.