{metadescription}
Өскеменде қаңғыған ит көбейіп, тұрғындарды талап жатыр
Өскеменде қаңғыған ит көбейіп, тұрғындарды талап жатыр

Өскеменде қаңғыған ит көбейіп, тұрғындарды талап жатыр

Өскеменде қаңғыған иттер адамдарға шабуылдап жатыр. Қараусыз қалған бұралқылар тұрғындарды қауып жатыр. Жұрт иесіз иттердің көзін құртуды талап етуде. Өйткені көшеде емін-еркін жүруден қалдық дейді.

Қаңғыған иттерге таланғандардың бірі Сергей Бычек. Аулада жүрген итке тамақ құйып жатқан кезде қолын қауып алған. Дәрігерлер құтырығына қарсы екпе салыпты. Қазір ол үйінде ұзақ мерзім оңалту курсынан өтіп жатыр.

Сергей Бычек:

Адамнан қорықпайды, өзіңе тұра шабады. Жаным ашып тамақ беріп жүргем. Артынан өзіме шапты. Қолымнан қапты. Ауруханаға жатып емделдім. Жарам әлі жазылған жоқ.

Бұл оқиға саяжай тұрғындарының арасында дүрбелең туғызды. Өйткені жемтік іздеп тіміскілеген қаңғыбас иттер көбейіп кеткен. Топталған бұралқылардың кесірінен жұрт көшеде емін-еркін жүруден қалдық дейді. Үрейі ұшқан қараша мамандардан көше кезген иттердің көзін құртуды талап етіп отыр.

Елена Овсюкова:

Иттер көшеде өріп жүр. Биыл тіпті көбейіп кетті. Балалар түгілі, өзіміз көшеде жүруден қалдық. Арасында үлкен иттер де бар. Сабақтан қайтып келе жатқан ұлымды да талап тастай жаздады. Ешкім иттердің көзін құртуға асықпайды. Хабарласпаған жеріміз қалмады.

Ал ветеринарлар қаңғыған иттерді жаппай қырып татсауға құқымыз жоқ деп отыр, тек шағым түскенде ғана аулайды. Оның өзінде Өскемен қаласы бойынша қаңғыбас ит-мысықтармен күрес жүргізетін мекеме әлі анықталмаған. Дегенмен мамандар жарияланған байқау қорытындысы жақында шығады деп отыр.

Мұхтар Жәнкебаев, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Өскемен қаласы бойынша ұйымдастырылып жатқан конкурстың қорытындысы бүгін белгілі болады. "Өскемен-Вет" мекемесінің қызметкерлері түскен шағымдар бойынша ит-мысықтарды аулап жатыр. Бүгінде 245 ит-мысық ауланды.

Мамандар жыл басынан бері 849 қаңғыбас ит-мысық аулаған. Олар иесіз жануарларды арнайы орынға орналастырып бағып-қағуға мәжбүр. Қазір аймақтың ит- мысығына әзірленген алты бағдарламаны жүзеге асыруға 91 миллион лн бөлінген. Енді саяжай тұрғындарының талабы байқау қортындысы шыққаннан кейін жүзеге асырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.