{metadescription}
Президент: Дана халқымыз анасын ардақтап, қыздарын қадірлеген
Президент: Дана халқымыз анасын ардақтап, қыздарын қадірлеген

Президент: Дана халқымыз анасын ардақтап, қыздарын қадірлеген

«Құрметтейміз, жақсы көреміз». Мемлекет басшысы ел жүгін ер-азаматтармен қатар көтеріп, адал еңбек етіп жүрген әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтады.

Мейрам қарсаңында «Ару ана» әйелдер байқауын қорытындылаған президент, әр саланың үздіктеріне шын жүрегінен алғысын жаудырды. Мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетінін айтты. Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинацияда табысталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті:

Нәзік жандарға деген ықыласымыз, ілтипатымыз әрдайым ерекше. Жалпы, әйелді құрметтей білген қоғамды мәдениетті, өркениетті қоғам деуге болады. Дана халқымыз қашан да анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Қыздарын қадірлеп, төріне шығарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде