{metadescription}
Ауыр жұмыстағы әйелдерге орамал жауып, гүл ұсынып, ыстық шай берді
Ауыр жұмыстағы әйелдерге орамал жауып, гүл ұсынып, ыстық шай берді

Ауыр жұмыстағы әйелдерге орамал жауып, гүл ұсынып, ыстық шай берді

Аязда қар күреп, аптапта аула сыпыратын ауыр жұмыстағы әйелдер де сый-сияпаттан құр қалмады. Түркістан облысының тәртіп сақшылары қыз-келіншектерге гүл сыйлап, ыстық шай ұсынып жатыр.

Бізді бағаламайтындар да болады. Рақмет!

Мынау полиция қызметкерлерінің атынан сіздерге сый-сияпат. Құдай қаласа, ауырмаңыздар. Еңбектеріңіз жана берсін! Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз!

Ордабасы ауданының полицейлері өз жинаған қаражатына көше сыпырып жүрген әйелдердің иығына орамал да жапты. Келіншектердің көңілі босап, көзіне жас алғаны да бар. Ал кей инспекторлар базарда тұрған әйелдерге гүл беріп, ауыр сөмкесі барды үйіне дейін жеткізіп салып жатыр. Күнгейлік тәртіп сақшыларының қыз-келіншектерге құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасауы екі күнге жалғасады.

Ал Көкшетауда тұратын Майра Әбілпейісова 100–ші көктемін қарсы алып отыр. Әжей саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына арнаған. Жасынан трактор айдап, қайнаған еңбектің ортасында жүрсе де, тоғыз баланы өмірге әкеліп, қара шаңырақты шаттыққа бөлеген. Майра әжей тыл ардагері, марқұм Социалистік еңбек ері Тұрлыбек Әбілпейісовтың жан жары, ерімен бірге қатар жүріп, сайын далада алтын астық жинаған. Ғасыр жасаған «Алтын алқалы» ана бүгінде 35 немере, 17 шөбере, 12 шөпшік сүйген.Әжейді 8 наурыз мерекесімен құттықтап, алғыс айтуды жергілікті әкімдер де ұмытпапты. Ал 100 жасты еңсерсе де, қазақ әйелдерінің сонау жылдардағы көрген тауқыметі оның әлі көз алдында. Әйелдер теңдігі туралы өлең де оқи жөнелді.

Майра Әбілпейісова, 100 жастағы әже:

8 март, көңіліміз шат,

Біздер алдық теңдікті.

Жоямыз деп қорлықты.

Біздің жас кезімізде малы барлар көп, «мал беремін, қызыңды бер» деп, солай алады дейді ғой. Содан кейін дұрыс болды. Содан кейін әйел мен ердің құқығы теңестірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде