{metadescription}
Ақтауда теңіз жаяу әскері көшеде қыз-келіншектерге қызғалдақ таратты
Ақтауда теңіз жаяу әскері көшеде қыз-келіншектерге қызғалдақ таратты

Ақтауда теңіз жаяу әскері көшеде қыз-келіншектерге қызғалдақ таратты

Ақтауда теңіз жаяу әскері 8 наурыз күніне орай көшеде қыз-келіншектерге қызғалдақ таратып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Әскери бөлімдегі әріптес аруларға концерт те ұйымдастырған. Мұнда 50-ден астам қыздар ерлермен иық тірестіріп Отан алдындағы борышын өтеуде. КТК тілшісі өмірін әскермен байланыстырған арулармен танысып қайтты.

Аида Аманқұлованың таңы байланыс құрылғысын іске қосумен атады. Ол теңіз жаяу әскерінде жеті жылдан бері ақпарат алмасуға жауапты маман. Коммуникация тілін меңгерген сержант қарамағындағы төрт сарбазды да осы мамандыққа баулып жүр.

Салаға жауапты мамандар күнделікті дайындығын осы бөлмеде машықтайды. Сарбаздар арнайы Тадиран құрылғысы арқылы радио толқынды қабылдап, оны тексереді.

Әке жолын қуған Аида әскери қызметті бала күнінен армандапты. Сондықтан әр қиындығына дайын.

Аида Аманқұлова, 25744 әскери бөлімінің байланыс маманы:

Ерлер қатарында қолға қару ұстап бірге сап түзеу өте абыройлы, ерекше сезім береді. Ең басты ауырлығы артериялық дивизионның даладағы жиында, аптап ыстықта, 50 градус, шатырда 40 тәулік бойы жатып, күнделікте жаттығу өткізу. Барл қиындыққа шыдаймыз.

Ақтау іргесіндегі 25744 әскери бөлімінде Аидадан бөлек 50-ден аса нәзік жанды қызмет етеді. Бүгін командир бастаған штаб құрамы аруларға арнайы кеш ұйымдастырған.

Сапаралы Қазақбаев, 25744 әскери бөлім командирінің орынбасары, штаб бастығы:

Бөлімдегі әскери қызметтегі әйелдер еркектерден асып өтеді. Кейбір нормативті орындағанда, полигонда атыс сабақтарын орындағанда жоғары баға алып жатады. Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, әрқашан гүлдей жайнап жүре берсін.

 Мадияр Мұхаметқали, сарбаз:

Әскерде жүргеніме 330 күн болды, үйге қайтуға 30 күн қалды. Арасында видеоқоңыраумен сөйлесіп тұрам, бірақ көргенге жетпейді. Сағынамыз, ананың орны бөлек. Туған-туысқан, апа-әжені құттықтаймын!

Шарада сарбаздар өнерін ортаға салып, қыз-келіншектерге ән шырқап, поэзия арнады оқыды. 25744 әскери бөлімінде 1200-ден аса сарбаз мерзімді қызмет атқарады. Олар Ақтау көшесінде де аруларға тарту жасап, қуаныш сыйлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде