{metadescription}
Елімізде техника тілін білетін әйелдер көбейіп келеді
Елімізде техника тілін білетін әйелдер көбейіп келеді

Елімізде техника тілін білетін әйелдер көбейіп келеді

Елімізде темір техниканың тілін тапқан әйелдер көбейіп келеді. Көпшіліктің көлік жүргізетін қыз-келіншектерге көзі үйренгенімен, оны жөндейтін маман әйелдерге әлі жатырқай қарайды. Ал мұнаралы кранды басқаратындар да бұрынғысынша нәзік жандылар. Кәсібің ұнаса, жұмыстың ауырлығы біліндейді дейді кейіпкерлеріміз.

Алпыс жастағы ақтөбелік Раиса Бойченко қырық жыл бойы краннан түскен емес. «Жұрттың төбесінен қарап отырып жұмыс істегенді жақсы көремін» деп әзілдейді ол. Мереке қарсаңында зауытқа гүлін құшақтай келген Ақтөбенің әкімін жарты сағатқа күттіріп, боянып үлгермедім-ау деп қысылғанын жасырмады.

Раиса алғаш рет жиырма жасында мұнаралы кранға отырыпты. Қырық жыл бойы хром қосындыларын шығаратын зауыттағы барлық кранды жүргізіп шыққан. Бұзылса өзі жөндей береді.

Раиса Бойченко:

Кран жүргізушісі сұранысқа ие мамандық. Кәсіпорындарда мықты бағалайды. Жұмыстың қиын екені рас. Бірақ өзіме ұнайды. Осы зауыттағы барлық кранды жүргізіп шыққан болармын. Өзім биікте жұмыс істегенді жақсы көремін. Сөйтіп жүріп қырық жылдың қалай өткенін де байқамай қалдым.

Бұрынғыдай емес, жеңіл көлік жүргізетін қыз-келіншектерге көпшіліктің көзі үйренді. Бірақ машинасын жөндеуге келгенде жігіттердің қызметіне жүгінеді. Ақтөбелік Екатерина еркектер тұрмақ, әйелдің өзі оның жұмысына алғашқыда күмәнмен қарағанын айтады. «Автослесарь болу келіншекке қол емес» деп бетіне айтқандар да болыпты.

Екатерина Ковтун:

Көлікті шашып тастап, жинай беремін. Өз көлігімді де өзім жөндеймін. Ешкімге сенбеймін. Барлық бөлшегін өзім істей аламын. Негізінен мен пештерді, мұздатқыштарды жөндеймін, линза орнатамын. Барлығын істей беремін. Жұмысым өзіме ұнайды.

Катяның негізгі мамандығы – аспаз. Диплом алғаны болмаса, қазан-аяқ қасында жүргенді жақтырмайды. Қара майға былғанып жүрсем де, ұнататын кәсібінің отбасын асырауға молынан жарап тұрғанын айтады. Ал мейрамды көлік жөндейтін орталықта емес, үйде қарсы аламын деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде