{metadescription}
8 наурызда Ақтөбеде әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүреді
8 наурызда Ақтөбеде әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүреді

8 наурызда Ақтөбеде әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүреді

Ақтөбеде мейрам күні қоғамдық көлікте әйелдер тегін жүреді. Автобуспен қаланың ішін қанша араласа да, қыз-келіншектер мен апа-әжелерден жолақы алмаймыз дейді кондукторлар.

Ақтөбеде жолаушылар тасымалымен осы күнге дейін төрт компания айналысып келді. Бірер күн бұрын Құршысай мен Қурайлыға қоғамдық көлік шығаратын тағы бір кәсіпкер қосылды. Сол компаниялармен әкімдіктегідер бір күн әйелдерді тегін тасығаннан табыстарың кеміп қалмайды деп келісімге келген. Мерекеде тек Ақтөбенің ішінде ғана емес, қала сыртындағы елдімекендерге автобуспен жүрген қыз-келіншектер ақша төлемейді. Мерекелік қарбаласқа байланысты жетінші наурызда да автобустар тегін жүргені жөн еді деп тілек айтқан әйелдер болды. Ақтөбеде қоғамдық көлікте жолақыны қолма-қол 150 теңге, картамен 80 теңге.

Жанесен Масабаев, Ақтөбе ТКШ бөлімінің бас маманы:

8 наурызда барша аруларымызды, аналарымызды, әйелдер қауымын тегін жүргізу жоспарлануда. Барлық маршрут ертең штат режимде жұмыс істейді. Қала аумағындағы автобустарда аталған жеңілдік әйелдер қауымына, барлық маршрутта тегін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде