8 наурыз қарсаңында қыз-келіншектер Алматыда митинг өткізді
«Әйелдердің лайықты өмірі үшін». Мереке қарсаңында қыз-келіншектер өз құқықтарын талап етіп, Алматыда митинг өткізді. Зорлық-зомбылық мәселесінен бастап, гендерлік теңдікке дейін көтерілген жиында ер-азаматтар да аз болмады.
Автор: Әсем Лесбек
07.03.2024
Бейбіт шеруге шыққандар Үкіметтен зейнет жасын төмендету, алимент өндіру, заңнамалық деңгейде неке шартын жасау мәселелеріне басымдық беруді сұрады. Әрі отбасындағы жанжалдың азаюы мен жәбір көрсететіндерге қатысты жазаның күшейтілуін талап етті. Феминист белсенділері митинг өткізуге әкімдіктен арнайы рұқсат алған. Шарада саяси талаптарды да сөз етті.
Шолпан Ризабекова, ұйымдастырушы:
— Үкіметке ұсынарымыз — ана құқығын реттеу туралы заң жобасы қажет. Екінші — міндетті түрде ар-ұят, ар-ожданын сақтау жастарға міндетті түрде ереже керек. Заңнамаларға, ережеге қосымша өзгеріс енгізу.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!