{metadescription}
8 наурыз емес, әрқашан да гүл сыйлау — міндетіміз
8 наурыз емес, әрқашан да гүл сыйлау — міндетіміз

8 наурыз емес, әрқашан да гүл сыйлау — міндетіміз

Гүл саудасымен айналысатындардың айы оңынан туып жатыр. Базарлар мен дүкендерді қойып, жол бойына да қаз-қатар тізілген сөрелерде сауда қызып тұр. Бағасын да әртүрлі. Қазір ең көп сұранысқа ие, әдеттегідей, голландиялық раушан мен қызғалдақ. Хризантеманың да дәуірі жүріп тұр дейді сатушылар.

Әсел Әбдірахманованың гүл бизнесімен айналысып жатқанына 10 жылға жуық уақыт болған. Айтуынша мереке күндері жұмыс қызады. Онлайн хабарласып тапсырыс берушілер де көп. Жай күндері күніне онлайн 15-20 тасырыс қабылдаса, мереке күні қоңыраулар екі-үш есеге артады.

Әсел Әбдірахманова, гүл сатушы:

Әрқалай, кейде 10, кейде 20 тапсырыс аламыз. Мереке күндері 20-30 есеге артады.Қазір 30 пайызға өсті. Өйткені гүлдер Голландиядан әкелінген, қымбат. Бізге қойылатын баға, әрі кетсе, 100-150 теңге.

Флористердің айтуынша көпшіліктің сұранысы классикаға айналған голландиялық раушан мен көктемнің символы қызғалдақ. Дүкен тәулігіне 24 сағат ашық болса да, жақындарын қуантуға ниет еткен азаматтар саны азаяр емес. Гүл мамандары соңғы жылдары арнайы композицияларға сұраныс артқанын айтады. Флористер аз уақытта әр адамның сұрауы мен талғамына сай әдемі гүл шоғын дайындап береді.

Данабек Амангелді, гүл сатушы:

Біз тек Голландия раушанын сатамыз. Өзіміздікі тек қызғалдақ.Оның да тұқымы Голландиядан жеткізіледі. Осындай түрлі-түстерімен өсіреміз.

Базарлар мен дүкендердегі барлық гүл жергілікті жылыжайлардан немесе тікелей Голландиядан әкелінеді. Бағасы өсірілетін жері мен сортына байланысты қойылады. Мысалы, голландиялық гүлдер қымбат және ұзақ уақытта жеткізілетіндіктен қымбатқа түседі.

Ақтөре Тұрғанбек, гүл сатушы:

Клиент көбейгенмен бәсекелестер де артады. Таласып-тармасып сату керек қой. Тастақ базары мереке күндері жабылмайды. Одан кейін күндіз-түні жұмыс істейміз. Сатқан, жұмыс істеген өзімізге де жақсы. Осы мейрамда бір-екі күн ұйықтамасақ ештеңе қылмайды.

Солайша мереке қарсаңында гүл саудасы қызып тұр. Сәйкесінше бағасы да әр түрлі. Әркім оны қалтасына қарай, талғамына қарай тапдап жатыр. Дегенмен қалай болғанда да жылына бір келетін мерекеде бір шоқ гүлін сатып алып, анаңызға, жарыңызға немесе қарындасыңызға сыйға тартсаңыз, олардың қуанышына бөленесіз.

Базар маңында анасын, әпке-қарындасын,қызметтес әріптестерін құттықтау үшін құшақ-құшақ гүл алып жатқан ер-азамат көп. Мерекеге сай көңіл күйін сыйлауға асыққан тұрғындармен де тілдестік.

Қаһарман Намиев:

 7 наурыз емес, 8 наурыз емес, әрқашан да гүл сыйлау міндетіміз. Әрқашан осылай анамды қуантып жүремін. Әр азаматтың міндеті деп ойлаймын, осылай қыздарды қадірлеп құттықтау.

Нұрлан Сайлаубай:

Міне, бүгін гүл алып жатырмыз. Бүгін аналарымыздың мейрамы. Баламның анасының мейрамы, әйелімнің мейрамы. Жыл сайын осылай гүл алып, аналарымызды, әйелімізді , қарындас-әпкелерімізді қуантып қоямыз, қолымыздан келгенше.

Ал аруларға ең бастысы жақындарының көңілі. Бұл күні әр қыз-келіншек өзін аса бақытты сезінеді. Осыдан-ақ адамның шынайы сезімін, риясыз қуанышқа бөлейтін гүлдің бағалы сый екенін аңғаруға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.