{metadescription}
Қарағанды іргесінде үйіне су кіргендер баспанасын тастап кетіп жатыр
Қарағанды іргесінде үйіне су кіргендер баспанасын тастап кетіп жатыр

Қарағанды іргесінде үйіне су кіргендер баспанасын тастап кетіп жатыр

Қызыл су Қарағанды іргесіндегі жер үйлерге де кіре бастады. Оның қарқынымен алыса алмаған тұрғындар баспанасын тастап кетіп жатыр.

Гүлсара Мүскінова:

Көрші маңайдағы үйлердің бәріне су кіріп кеттті. Көшіп кеттік, заттарымызды жинап қойдық. Енді қайда барамыз ? Көршілердің үйіне де су кіріп, мына кісі түнімен жүрді. Бұл кісі үйінде жоқ . Ешкім хабар бермеді, әкім де атын айтпайды, тіпті жауап бермей өзімізге ұрсады.

Қызыл судан ылдида орналасқан ескі жер үйлер зардап шегіп жатыр. Мереке күндері күн күрт жылынғанда еріген қар суы соларды басқан. Қарқыны күш бермей бара жатқан соң, тұрғындар жиһаз атаулыны құтқаруға тырыстық дейді. Тіпті бала-шағасын ертіп, көбі туыстарын жағалап кеткен. Ал шенеуніктер жеке сектордағы үй маңайларын қардан тазарту тұрғындардың міндеті дейді. Себебі қалың қардан суағарлар бітеліп қалған. Дегенмен су басқан үйлерге жұмылып көмек бергенін айтады.

Асылбек Жұмақаев, Ә.Бөкейхан атындағы аудан әкімдігінің бас маманы:

Мердігер компанияларды тартып, суды сорғыздық. Сонымен қатар үй маңайында үйілген қарды шығырдық. Су жүрген жерлерге құм төселді. Қазір жағдай тұрақталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде