Өгей қызын өлтірген: Туыстары 20 млн моральдық өтемақы сұрайды
Балжан Тұрлыбектің әрекетін аса ауыр қылмысқа жатқызған прокурор жазаны жеңілдетуге еш себеп жоқ деп отыр. Ал марқұм Карина Закураеваның туыстары қыздың өгей шешесінің өмір бойына темір торға қамалуын қалайды. Сондай-ақ 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуін талап етуде.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
11.03.2024
Қайғылы оқиға былтыр жазда болған. Жеті жасар Карина өгей шешесінің қолында төрт ай тұрып әбден таяқ жеген дейді жақындары. Ақыр соңында үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін өгей шешесі жеткіншектің басын қабырғаға ұрып жарған. Қатты соққыдан миына қан құйылған Карина сол жерде жан тапсырды. Жеткіншекті өлтірді деп айыпталған Балжан Тұрлыбек қоғам белсендісі ретінде де танымал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!