{metadescription}
Олжас Бектенов: Бағаны бақылаудан шығарғандар басымен жауап береді
Олжас Бектенов: Бағаны бақылаудан шығарғандар басымен жауап береді

Олжас Бектенов: Бағаны бақылаудан шығарғандар басымен жауап береді

Бағаны бақылаудан шығарып алғандар басымен жауап береді. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің. Құны біршама көтерілген тауарлардың бірсыпырасын бүгін премьер-министр тізді.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған. Көріп отырғанымыздай, бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп. Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екендігін көрсетеді.

Өңірлер арасында инфляцияның ең көп өсуі Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау облысында тіркеліп отыр. Премьер-министр аталған аймақ басшыларын инфляциямен күресте дәрменсіз деп сынады. "Инфляцияны тежеуде шарасыздық танытқан аймақ басшыларын айтыңыз, енді тиісті шара қолданамыз" деді Бектенов орынбасары Серік Жұманғаринге.

Соңғы екі айдағы инфляция көрсеткіші 9,3 пайыз шамасында екен. Негізі Үкімет пен Ұлттық банк 8 пайыздан асырмауды жоспарлаған еді. Жалпы тығырықтан шығу үшін тұрақтандыру қорлары, өнім құнын арзандатуды субсидиялау мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты тетіктердің пайдаланылуы маңызды деді Үкімет басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде