{metadescription}
Экология министрі Үкімет басшысына жоспарын таныстырғанда күмілжіп қалды 
Экология министрі Үкімет басшысына жоспарын таныстырғанда күмілжіп қалды 

Экология министрі Үкімет басшысына жоспарын таныстырғанда күмілжіп қалды 

Екі зауыт қайдан пайда болды? Қоқысты қайта өңдейтін ауқымды жоспарын таныстырып, салынатын зауыттарды да тізіп жатқан экология министрін Үкімет басшысы тоқтатып қойып осыны сұрады.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Маған алдын ала берген ақпаратқа сәйкес, 35 жаңа зауыт салынады делінген. Ал сіздің баяндамаңызда 37 жаңа зауыт салынады деп айттыңыз. Тағы екеуі қайдан қосылды? 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

 — Тағы екеуі Астана қаласынан қосылып отыр. Кеше ғана баяндамаға қосқан, кешірім сұраймын. Слайдта алдын ала өткен аптада беріліп қойған сіздерге.

Саннан жаңылған Нысанбаевқа премьер "37 нақты іске қосылатын жоба ма?" деп тағы күдіктене сауал қойып еді, министр оған да күмілжап қалды. Ақыры "Үкімет басшысының тапсырмасын орындау үшін әкімдіктермен әр жобаны жіті қарадық деп ақтала сөйлей келе, 37 жаңа зауыттан бөлек, қолданыстағы 8-і қайта жаңғыртылатынын айтты. Сол арқылы қалдықтарды қайта өңдеу көлемін жылына бір жарым млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік туады екен. Министр Нысанбаев кейінгі кездері Астананың қоқысқа көміліп бара жатқанына да тоқталды. Бұған бас қалада арнайы техниканың жеткіліксіздігі себеп деп отыр. Ел бойынша қоқыс контейнерлерінің аздығы да қолбайлау болып тұр.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

Жетпейтіні 60 мың деп отырмыз. Әрине, бүгінгі үкімет отырысынан кейін тиісті тапсырма беріледі. Бұл контейнерлер жергілікті бюджеттен алыну керек. Сол себептен бұл жұмысты бақылауға алып, керекті контейнерлерді сатып алып, орын орнына қойдыруға талап етеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.