Қарағанды облысында 150 ауылды қызыл су басуы мүмкін
Қарағанды облысында 150 ауылды қызыл су басуы мүмкін. Бұл елдімекендер өңірдегі өзен, тоған мен гидротехникалық нысандарға таяу орналасқан.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
12.03.2024
Ғарыштан жасалған мониторинг облыс аумағындағы көптеген елдімекендерде қалың қар жатқанын көрсеткен. Оның қалыңдығы 20 сантиметрге жетеді. Ал жерге бір жарым метрге дейін тоң түскен. Мамандар қазір күннің күрт жылынуы қауіпті екенін айтады. Біртіндеп ерісе қызыл судан аман шығуға болады. Дегенмен соңғы екі жылда Қарағанды қаласының өзінде көшелерді қызыл су басу жағдайлары болды. Осыған байланысты екі мың метр суағар құбырлары ауыстырылып, қалғаны тазартылған. Су тасқынына алдын алуға қамданбаған ауылдар да жоқ емес. Осындай 22 елдімекенге ескерту берілген.
Мұрат Қатпанов, Қарағанды облыстық ТЖД бастығы:
— Қар шығармаған, толығымен әлі деңгейі үлкен көлемде жатыр. Енді жергілікті атқарушы органдар ештеңе істемей отыр дей алмаймыз. Мүмкін техникасының аздығана байланысты ма үлгермей жатқан. Қарқаралы ауданында 8 елдімекен, Нұра ауданыда 8 елдімекен, Бұқар жырау ауданыда 6 елдімекенге ескертулер жасалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!