{metadescription}
«Далада қалдық». Алматыда «Тұлпар» саудагерлері базар басшысына наразы
«Далада қалдық». Алматыда «Тұлпар» саудагерлері базар басшысына наразы

«Далада қалдық». Алматыда «Тұлпар» саудагерлері базар басшысына наразы

«Тағы да далада қалдық». Алматыдағы «Тұлпар» базарының саудагерлері бүгін қайта жиналып, базар басшылығының әрекетіне наразылықтарын білдірді. Бұған дейін сауда орны жөндеуге жабылып, кәсіпкерлер уақытша Жетісу ауданындағы жерлердің біріне көшірілген еді. Енді ол жақтан да 100- ден аса саудагердің кетуіне тура келеді.

Өйткені әкімшілік әу баста бұл жермен тек бір жылға ғана келісімшарт жасасыпты. Осылайша құтты орыннан да, клиенттен де айрылдық деп отыр кәсіпкерлер.

Баттал Шәмілов 2003 жылдан бері «Тұлпарда» тапжылмай сауда жасағандардың бірі. Контейнері тұрмысқа, құрылысқа қажет ұсақ-түйекке толы. Қыстан әзер шыққанда төбеден жай түсірген жаңалық кәсіпкерлерді кәдімгідей есеңгіреткен.

Баттал Шәмілов, саудагер:

Менің 7 млн теңге несием бар. Оны жабу үшін бес жыл жұмыс істеуім қажет. Басшылық бізді мұнда көшірердің алдында бұрынғы орынның құрылысы бітпейінше, осында боласыңдар деп айтқан, енді келіп қайда барсаңдар, онда барыңдар дейді.

«Әмбебап базарға жұрт бағаның арзандығынан ағылады» дейді саударгерлер. Оларға мұнда көшірілгелі тек коммуналдық ақыны төлеп келіпті.

Әбіләмит Мырзаәлімов, саудагер:

Анау жақтан мына жаққа көштік. Уақыт өлтірдік. Клиент жоғалттық. Оның бәрі 1 семьяны бағып жатқан адамдарға қиыншылық па жоқ жеңілшілік па, қиыншылық қой. Енді мұнда келіп енді-енді жұмыс істемйзі дегенде мына жерден кетіңдер дейді? Сонда мұннан кетсек біз қайда барамыз сонда.

Сәрсен Әбербаев, саудагер:

Келдік ,бір жыл тұрасыңдар деді, ақша алмаймыз деді. Коммуналдық төлем жинаймыз деді. Енді жинап тұр, сосын ар жағында тағы екі жыл тұрасыңдар деді. Болғаннан кейін ары қарай Тастаққа кетесіңдер деді. Сол жерге қайта тұрғызамыз деді. Осы жерді қалдырып, ары қарай жұмыс істесек, талабымыз да сол.

Осылай деп ашына айқайлаған саудагерлер көмек сұрап базар әкімшілігіне бірнеше рет барған. Бірақ әзірге еш көмек жоқ. Не болса да орындарынан айрылғысы жоқ.

Орнымызды талап етеміз!

Ал базар басшысы кәсіпкерлдердің шағымын орынды дейді. Бірақ барлық сауалға тек қала әкімдігі жауап береді деді.

Ринат Иминиязов, «Тұлпар» базарының басшысы:

Бұл сұрақ күні кеше көтерілген жоқ. Саудагерлерге бұған дейін де құлаққағыс жасалды. Олар бұл орынға көшіп келгенге дейін мұндай мәселенің туындауы мүмкін екенін білді. Бұл жер басқа бизнес көзімен айналыспақшы. Артық орын болсасаудагерлерге ұсынар едік. Өкінішке қарай, ол жоқ. Енді олардың қайда баратынын әкімдіктен сұрау керек.

Төле би мен Тілендиев көшелерінің қиылысында орналасқан «Тұлпар» базары былтыр сәуірден бастап күрделі жөндеуге жабылған. Жаңғырту жұмысы келісім бойынша былтыр аяқталуы тиіс еді. Қала әкімдігі жоспардан кешіктіріліп жатқанын да жасырмады.

Қайрат Нұрқасымов, Алматы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары:

Кәсіпкерлерге екі жылға жабылатыны туралы айтқан болатынбыз. Бірақ қазір инвестормен кішігірім өзгеріс жасалған. Сауда үйі емес, сауда үйі кешені және тұрғылықты үй кешені қосыла салынатын болғандықтан, бір өзгерістер болды. Рұқсат қағаздарын алу уақытын сәл кешіктіріп немесе ұзартылды деуге болады.

«Далада қаламыз ба» деп уайымдаған саудагерлерге уақытша басқа жерлердің ұсынылатын көрінеді. Бірақ онда жалға алу құнын төлеуі тиіс. Яғни шаршы метріне 3500 теңгеден шығады. Алайда табыс мен клиентінен айырылып басқа орынға көшуге кәсіпкерлер келіспей отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде