{metadescription}
Ақтөбеде олимпиадаға бара жатып жол апатына ұшырағандарға сот үкімі шықты
Ақтөбеде олимпиадаға бара жатып жол апатына ұшырағандарға сот үкімі шықты

Ақтөбеде олимпиадаға бара жатып жол апатына ұшырағандарға сот үкімі шықты

Ақтөбеде олимпиадаға бара жатып жол апатына ұшыраған екі оқушы мен мұғалімнің өлімінің қатысты сот үкімі шықты. Кінәлі деп танылған көлік тізгіндеген мектеп мұғалімі бес жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сотталушы Жандос Шамшадиннің де осы апаттан туған бауыры қаза тапқан. Сотта өзі кінәсін мойындап, жазаны жеңілдетуді сұрады. Тағылған айып бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Судья мейлінше жеңіл жаза кесті.

Еске салайық, оқиға осыдан үш ай бұрын Ырғыз ауданында болған. Жаныс би ауылының бес оқушысы ұстазымен бірге аудан орталығына шығады. Жолдың жартысына жеткенде жеңіл машина қарсы бағыттағы жүк көлігіне соғылған. Осы апаттан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты. Тағы бір оқушы жарақат алған. Судья сонымен қатар аудандық полиция басқармасы мен білім басқармасына да арнайы қаулы шығарды. 

Нұрлан Бақтығалиев, Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы:

Полициядан сүйемелдеу болмаған. Ырғыз ауданының полиция бөлімі басшлығы жауап берсін! Адам өлімі үшін. Неге олар жазасыз қалуы керек? Содан кейін білім басқармасы да жауап берсін! Ойлансын! Неге олар олимпиада өткізеді, адам өліп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде